Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2339 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1087 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2339 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 75-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер» деген бөлімде:
«Агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық өндірісті ДСҰ кіру шарттарына бейімдеу» деген 1-стратегиялық бағытта:
«АӨК өнімдері өндірісін тұрақты өсіру негізінде республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деген 1.1-мақсатта:
мына:
«
Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ету | % | 96,0 | 101,0 | 101,2 | 101,5 | 102,0 | 102,5 | 103,0 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға 3 000 АҚШ долларынан бастап кемінде 2 есеге арттыру | АҚШ дол. | - | 3000 | 3200 | 3600 | 4200 | 5000 | 6000 |
»;
«Мемлекеттік қолдау шараларын қолдану арқылы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түсімділігі мен сапасын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар ауылдық аймақтарды дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында уәкілетті мемлекеттік органның қызметін уақытылы қамтамасыз ету» деген 1.1.1-міндетте:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Сатып алынған астықтың көлемі | мың тонна |
|
|
| 520-ға дейін |
|
|
|
»;
«Экспорттық текшелерді алу үшін АӨК-нің сапалы бәсекеге қабілетті өнімдерін өндіру» деген 1.2.1-міндетте:
мына:
«